Are You New User

Қазақстан азаматы Кореяда көлігімен бала қағып, елден қашып кетті. Жаңалықтарға шолу 20.09.2019

Маңғыстаудағы "Қаражанбас" кен орнының жүргізушілері жалақысын көтеруді талап етті

"Мобил Сервис Групп" ЖШС жүргізушілері 20 қыркүйекте жаппай жұмысын тоқтатты. Компанияның 162 жұмысшысы ереуілге шығып, жалақыларын 100%-ға көтеруді талап етті. Айтуларынша қазір 15 күндік жұмыстары үшін небары 78 мың теңге алады.

Об этом сообщает http://remco.com.ua

Маңғыстау облысының әкімдігі компания басшылары мен жүргізушілердің келісімге келіп, ереуілді тоқтатқанын хабарлады. "Тараптар жалақыны көтеруге келісті" деп мәлімдеді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Алматыда қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы іске қосылды

Карта арқылы бюджет қаржысының жаратылу жолдары қадағаланады. Картаның ыңғайлылығы – көрсетілген бюджетке қатысты ақпараттан бөлек, әлеуметтік желілердегі азаматтардан автоматты түрде шағым қабылдай алады.

Осылайша ресурс қоғамдық бақылауды жүргізуге, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар үшін көмекші құрал ретінде біраз жұмыстардың атқарылуына сеп болмақ. Қазір картаға қала бойынша 538 нысан кіргізілген. Олардың саны 800-ге дейін жеткізіледі.

Арысты қалпына келтіру жұмыстары әлі аяқталған жоқ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың хабарлауынша апатты аймақтағы жарылыстан қираған 8 мың үйдің 100-ден астамында ғана жөндеу жұмыстары жасалмаған. Бұлар жаңадан салынып жатқан үйлер. Қабырғасы тұрғызылып, шатыры жабылған. Енді тек ішкі жұмыстарын аяқтау қалыпты. Сонымен қатар көп пәтерлі (2 және 3 қабатты ) үйлерде де қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Негізі Арысты қалпына келтіру жұмыстары 20 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс еді. Вице-Министр аймақтағы жұмыстардың нақты қашан аяқталатынын айтқан жоқ.

Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспорты азайды

Жыл басынан бері елден экспортталатын мал мен өсімдік өнімдері, дайын тұтыну тауарлары жалпы экспорттың тек 5,7 пайызын құраған. 7 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның экспорттық позициясы былтырмен салыстырғанда 3,7%-ға төмендеген.

Өткен 7 айда тауарлар мен қызметтердің көбі Италияға экспортталған – көлемі 4,7 млрд доллар. Екінші-үшінші орындарда Қытай мен Ресей экспорты: 4,6 млрд және 3 млрд доллардан.

Қазақстандықтарға салық берешектері суралы SMS-хабарлама жолданады

Кешеден бастап Қаржы министрлігі ел тұрғындарына мүлік, жер және көлік құралдарына қатысты салық төлемдерін SMS-хабарламамен таратып жатыр. Жоба әзірге пилоттық режимде жүзеге асып отыр.

Салықтар мен берешектер туралы хабарламаны алу үшін Электронды үкімет порталына (egov.kz) телефон нөмірін тіркеу қажет. Шенеуніктер қағаз хабарламадан бас тарту үшін Эстония тәжірибесін басшылыққа алуды жөн санапты. Бұл қағазды үнемдеп қана қоймай, ақпараттың тұрғындарға жедел жетуіне кепіл болады дейді министрліктегілер.

Қазақстан азаматы Оңтүтік Кореяда көлігімен баланы қағып, елден қашып кеткен

Оқиға 18 қыркүйек күні 15:30 шамасында болған. Полицияның мәліметінше, 20 жастағы жігіт Чханвон қаласында үйіне бара жатқан 7 жасар баланы көлікпен қағып, келесі күні елден шығып кеткен. Ауыр жарақат алған балаға ота жасалыпты. Қазір ол қарқынды терапия бөлімінде жатқан көрінеді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиғаны растады. "Белгілі болған мәліметтерге сәйкес, Қазақтан азаматы көлігімен баланы қағып, жәбірленушіні жолда қалдырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қолда бар ақпараттар бойынша қазір ол үшінші елдің аумағында жасырынып жүр" деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады? Атмосфералық шептерден тұратын барикалық жыра Қазақстанның батыс бөлігіне ығысып, республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында ауа райының бұлтты, жауын-шашынды болуына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

Жексенбі күні ауа ағындары солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарға, ал дүйсенбіде оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерге жетеді. Осыған байланысты, аталған аймақтарда да жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды. Синоптиктердің айтуынша, демалыс күндері әлі де жылы болады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы 30…38°С-қа дейін көтеріліп, климаттық нормадан 4…8°С жоғары болады.

Zakon.kz: Елдегі орташа зейнетақы жинағы: ерлерде – 5,1 млн теңге, әйелдерде – 3,9 млн теңге. БЖЗҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 қаңтарында салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10,4 млн-ға жетті. Олардың ішіндегі 9,8 млн шот – міндетті зейнетақы жарналары. 479,5 мың шот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және 47 803 шот – ерікті зейнетақы жарналары есебінен ашылған. Жұмыс істейтін халықтың 76 пайызы зейнетақы жүйесінің белсенді салымшысы болып отыр.



Источник: “https://informburo.kz/kaz/azastan-azamaty-koreyada-klgmen-bala-ayp-elden-ashyp-kett-zhaalytara-sholu.html”

Последнее от

Другие материалы в этой категории:

Проишествия

Редакция